Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ораза тұтқан": Желіде сабақ үстінде ұйықтаған оқушылардың видеосы қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Мектеп оқушылары
Видеодан кадр: Lada.kz

Әлеуметтік желіде сабақ үстінде ұйықтап жатқан оқушылардың видеосы тарап жатыр. Автор бейнежазбаны Ақтауда түсірілгенін айтады. Балалар ораза ұстағаннан кейін сабаққа әлсіз болып келетін көрінеді. Аталған видеоға қатысты Маңғыстау облыстық білім беру басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Ғаламторда мұғалімнің ораза ұстаған соң ұйықтап қалған оқушыларға ашуланған видеосы қызу талқыға түсуде.

"Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Мына балалардың бәрі ораза тұтқан. Келеді де сабақ оқымайды, бастарын көтер алмай жатады. (...). Олар бірінші кезекте сабақтарын оқысың", - дейді видеодағы әйел.

Бұл видеоға қатысты Маңғыстау облысының білім басқармасы жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, мониторинг жүргізілген, алайда видеоның дәл Ақтауда түсірілгеніне еш дәлел табылмаған.

"Жазбада видеоның Ақтауда түсірілгені айтылған. Бірақ бұған дәлел жоқ. Онда оқытушының аты-жөні көрсетілген. Өңірде мұндай мұғалім жоқ", - дейді білім басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты пікір білдірген еді.

Оның сөзінше, балиғат жасына жетпеген балаға ораза ұстау - парыз емес.

Сондай-ақ ол кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керектігін атап өтті.

ҚМДБ өкілінің айтуынша, оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені, әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966405-oraza-tutqan-zelide-sabaq-ustinde-uiyqtagan-oqusylardyn-videosy-qyzu-talqyga-tusti/