Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Милан-Алматы бағытында тікелей әуе рейстері ашылады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

12 маусымнан бастап Милан-Алматы-Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева италиялық NEOS әуе компаниясының өкілдерімен кездескен.  

Кездесу барысында тараптар Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасады.

Министрлік мәліметінше, Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері ағымдағы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде.

  • Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар тікелей әуе рейстерінің ашылуы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрмен дамуына тигізетін маңызына назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966416-milan-almaty-bagytynda-tikelei-aue-reisteri-asylady/

pixel