Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұға оқытылған": Танымал блогер Super mamasita желідегі даудан соң қызыл жібі туралы айтып берді

Опубликовано:

Super mamasita
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Танымал блогер Super mamasita желіде сатқан қызыл жібі туралы айтып берді. Әлия Байтуғаева оны өз қолымен өріп, қасиетті жерлердің рухын сіңіргенін алға тартады. Блогер қызыл жіпті 1000 адамға ғана сатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлия Байтуғаева "1001 түн" бағдарламасында сұхбат беріп, желіде дау тудырған "қызыл жіптің қасиеттерін" айтты.

"Бұл - тұмар, тіл-көзден сақтайды. Қазақтар бұрын да таққан. Мысалы балаға көз тимес үшін түйреуіш түйрейді. Өзім де көзі бар түйреуіш тағамын. Немесе негативтен, жаман тіл-көзден қорғайды деп есікке үлкен көз іліп қояды, оны да басқа жақтан сатып әкеп жатады. Бұл жіп те сондай", - дейді ол.

Блогер қызыл жіпті 77 мың адам сатып алуға ниет білдіргенін жоққа шығарған жоқ. Алайда жіптің саны шектеулі болғандықтан тек 1000 адам алып үлгергенін айтады.

Бағларлама жүргізушілері блогерден қызыл жібінің ерекше қасиетке ие екеніне дәлел сұрады. Блогердің сөзінше, қызыл жіптерге дұға оқытылған.

"Мен мотиватормын, энергияға толы адаммын, ол жіптерді өзім өрдім, сосын оларды өзіммен бірге алып, Түркістанға бардым, мешіттерді аралап келдім. Мен бұған шынында да сенемін. Оларға дұға оқытылған. Расында да олардың бойына энергетиканы сіңіргім келді. Бұл өмірде барлығы энергиядан жаралғанын жоққа шығармайтын шығармыз. Мұндай нәрсеге сенгенмен, түсіндіру қиын. Өзім де осы жіпті төрт жыл бойы тағып келемін", - дейді Instagram жұлдызы.

Айта кетсек, 6 миллионнан аса оқырманы бар Әлия Байтуғаеваны желіде сынға алғандар қатарында тіпті танымал адамдар да бар. Мысалы, журналист, блогер Өркен Кенжебек "қызыл жіптің қасиетіне" сенбейтінін айтып, адамдарды оны сатып алмауға кеңес берген.

"Жасыл нәски, қызыл шүберектің сенің бақытты я бақытсыз статусыңа еш әсер ете алмайтынын бәрі біледі-ау деп ойлайтынмын. Қарапайым ақиқат деп. Бірақ 4500 теңгеден үш өрілген қызыл жіпті, әрине жай емес, Дубайға барып, Ясауи кесенесінің түбіне болып қайтқан "энергия" сіңірген қызыл жіпті 77 000 адам алуға әзір тұрғанын білгенде қайран қаласың. Оны сатып жатқан блогер әйелдің өзі сенсе, мейлі. Өзгелерді де адастырады-ау деп қынжыласың. Әйтпесе, адамдар "тез байысақ, бала тусақ, үйлі болсақ" деген дұрыс ниетімен дұрыс емес амал жасап, қазіргі жағдайларын одан әрі қиындатып жатқанын сезе ме екен?", - деп жазды Өркен Кенжебек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966516-duga-oqytylgan-tanymal-bloger-super-mamasita-zelidegi-daudan-son-qyzyl-zibi-turaly-aityp-berdi/

pixel