Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде небәрі 8 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

ковид-тест
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 8 адам тіркелді, деп хабарлайды Telegram-дағы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 7.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 465-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 9 адам коронавирустан жазылып шыққан.

25 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазір елімізде 1 685 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 86 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

8 адамның жағдайы ауыр. 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сонымен қатар 24 сәуірдегі ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 479 958 адам, 2 - ші компонентін 9 233 957 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966564-otken-taulikte-elimizde-nebari-8-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/