Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында қаржы жымқырды деген күдікпен қарттар үйінің меңгерушісі мен қызметкері ұсталды

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды​​ облысы бойынша департаменті қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдікпен Қарағанды ​​облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Ведомство Қарағанды ​​облыстық сотының шешімімен, қарттар үйінің меңгерушісіне қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын атап өтті.

Агенттіктің мәліметінше, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы мүгедек, 60-ы зейнеткер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966592-qaragandy-oblysynda-qarzy-zymqyrdy-degen-kudikpen-qarttar-uiinin-mengerusisi-men-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel