Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің төрт өңірінде мамыр айында құрғақшылық болуы мүмкін

Опубликовано:

құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

2022 жылдың мамыр айында Қазақстанның төрт облысының кей аудандарында құрғақшылық болады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады. Алайда кейбір аудандарда орташа деңгейде құрғақшылық күтіледі.

Олар:

  • Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандары;
  • Қостанай облысы Жангелді ауданы;
  • Қызылорда облысы Қазалы ауданы;
  • Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы.

Орташа ылғалдылық Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде сақталады.

Осы ретте "Қазгидромет" болуы мүмкін құрғашылық жайлы мәліметтерді еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынып отыратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966628-elimizdin-tort-onirindegi-audanda-qurgaqsylyq-bolady-dep-kutilude/

pixel