Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында қар жауды (видео)

Опубликовано:

Қарағанды облысы
Видеодан кадр: instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында қар жауды. Ағадыр ауылында қардың қалыңдығы 4 миллиметрге дейін жетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның Қарағанды ​​облысы бойынша филиалына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Ақтоғай мен Шет аудандарында жауған қардың фотолары мен видеолары пайда болды.

Қарағандылықтар күн суытады деген хабарды естіген. Алайда қар жауады деп күтпесе керек.

Ал синоптиктер жағдайды қалыпты деп бағалап отыр.

"Расымен де Шет және Ақтоғай аудандарында қар жауды. Шет ауданында оның қалыңдығы 4 миллиметрге, Ақтоғайда 1 миллиметрге жетеді.

Біз ауа температурасының төмендейтінін, күн суытатынын және жауын-шашын түсуі ықтимал екенін хабардар еттік. Сондай-ақ дауылдық ескерту жарияладық. Бұл Солтүстік Мұзды мұхиттан суық фронттың әсер етуіне байланысты", - дейді "Қазгидромет" РМК филиалы.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде 28 сәуірге дейін күн суық болады.

Облыстың солтүстігі мен орталық бөлігінде түнде -3-9 градусқа дейін аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966633-elimizdin-bir-onirinde-qar-zaudy-video/

pixel