Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМА бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырған күдіктілерге іздеу жариялады

Опубликовано:

Іздеуде жүрген азаматтар
Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген екі азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚМА ресми Telegram арнасына.

Ведомство олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"ҚМА кәсіпкер А.Б Жексенғалиевке іздеу жариялады. Ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл аса көлемді сома", - делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Қаржылық мониторинг агентті Қазақстан азаматы Е.К Медетбековті де іздестіріп жатыр. ҚМА мәліметіне сүйенсек, күдіктілерге "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған.

Күдіктілерді таныған немесе олардың мекенжайына қатысты ақпарат алған жағдайда агенттік қызметкерлеріне хабарласуға болады.

Байланыс телефондары: +7 7172 708 478, +7 7172 767 921

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966719-elde-byudzetten-11-mlrd-tenge-zymqyrgan-kudiktilerge-izdeu-zariyalandy/

pixel