Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтарда қару ұрлаған қылмыскердің өтірігі әшкереленді

Опубликовано:

Абақты
Фото: Sputnik/Владимир Песня

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған кейбір адамдар азаптаулар туралы шағымдарды қорғану үшін жасаған. Бұл туралы бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, Жамбыл облысында 5 қаңтарда "Б" есімді азамат адамдар тобымен бірге мемлекеттік нысандарды өртеген. Одан кейін полиция департаментінен "Калашников" автоматын, "Макаров" тапаншасын, 2 аңшылық мылтықты және 3 травматикалық тапаншаны жымқырған. Оның қылмыстары бейнекамера жазбаларымен, куәгерлердің жауаптары және істің басқа да материалдарымен расталады", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ұсталған ер адам полиция қызметкерлері тарапынан азаптаулар жасалғаны туралы арыз түсірді. Содан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тәуелсіз адвокаттың қатысуымен тергеу шараларын өткізді.

Ыстамбұл хаттамасы сияқты азаптауларға қарсы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес, психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді.

"Мамандар жәбірленушінің психоэмоционалды жағдайын толық зерттеді, соның нәтижелері бойынша тергеу органдары тарапынан оған қандай-да бір психологиялық қысым көрсетілмегені анықталды. Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деп атап көрсетті Қилымжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966724-qantarda-qaru-urlagan-qylmyskerdin-otirigi-askerelendi/

pixel