Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, ертең, 26 сәуірде Түркістан облысында найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін. Ал Қарағанды облысында тұман түссе, Алматы облысының аумағында жауын-шашын күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Түркістан облысында жел соғады деп болжануда. Оның екпіні 15-20 м/с баруы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, көктемнің екінші айында республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966740-qar-zel-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel