Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығы ұсталды: Агенттік тың деректерді ұсынды

Опубликовано:

Тергеу жүріп жатыр
Фото: Otyrar.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Мұхтар Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966838-symkentte-policiya-qyzmetinin-buryngy-bastygy-ustaldy-agenttik-tyn-derekterdi-usyndy/

pixel