Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында қырылып қалған 50 шақты итбалық табылды (фото)

Опубликовано:

Өлген итбалық
Өлі итбалық: Lada басылымына тұрғын жіберген фото

Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізінің жағалауынан қырылып қалған шамамен 50 шақты итбалық тауып алған, деп хабарлайды Lada.kz.

Ер адам басылымға өлі итбалықтарды Бозащы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнына қарама-қарсы Каспий жағалауынан байқағанын айтқан. Бұл шамамен Ақтаудан 230 шақырым жер.

Тұрғынның өзі итбалықтардың қырылуына Каспийдің тартылуы себеп болуы мүмкін деп отыр.

итбалық
Маңғыстау облысы, Каспий жағалауы. Фото: Lada.kz

Ал Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы оқиға орнына жедел-тергеу тобының аттанғанын хабарлады.

Оның құрамында Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары мен ветеринарлық бақылау инспекциясының қызметкерлері бар.

Өлі итбалық
Өлі итбалық: Lada басылымына тұрғын жіберген фото

Экология департаментінің мамандары судан сынама алып, талдау жасамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966942-mangystau-oblysynda-qyrylyp-qalgan-50-saqty-itbalyq-tabyldy-foto/