Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын Кореяда, Қытайда өмір сүрген": Павлодарлық ғалымдар Қазақстанда көбелектің жаңа түрін тапты

Опубликовано:

көбелек
Көрнекі фото: pixabay.com

Отандық ғалымдар елімізде көбелектің жаңа түрін тапты. Әңгіме Қазақстанда бұрын болмаған ерекше лепидоптера жәндіктері, яғни түнгі Catocala helena көбелектері жайында деп, хабарлайды Хабар24.

Көбелектің бұл түрін Қарағанды ​​даласынан Торайғыров энтомологы Сергей Титов және оның Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институтындағы әріптестері тапқан.

"Бұрын Catocala helena Ресейдің Қиыр Шығысында, Кореяда, Қытайда және Моңғолияда жалпақ жапырақты ормандарда өмір сүрген. Соңғы жылдары ол Забайкальеде, Батыс Сібірде байқала бастады және Қазақстанды айналып өтіп, Catocala helena Оңтүстік Оралға және Ресейдің еуропалық бөлігіне Еділ бойына жетті.

Алайда қазір біздің зерттеулеріміз көбелектердің бұл түрі Қазақстанда да пайда болғанын көрсетіп отыр. Біз бұл инвазивті түрдің болашақта Қазақстан табиғатына қалай әсер етуі мүмкін екенін анықтау үшін Catocala helena-ның әрі қарай еліміздің аумағында да, шетелде де өмір сүру салтын бақылаймыз", - дейді Сергей Титов.

Сондай-ақ ғалымдар Catocala helena-ның неліктен шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастағанын және бұған дейін біздің фаунамызға белгісіз басқа инвазиялық жәндіктер осы көбелектерге ілесе ме, жоқ па, соны анықтайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966969-buryn-koreyada-qazaqstanda-omir-surgen-pavlodarlyq-galymdar-qazaqstanda-kobelektin-zana-turin-tapty/

pixel