jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Биыл мектеп түлектері "Алтын белгіні" қалай қорғайды: Министрлік жауап берді

Алтын белгі
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Биылдан бастап "Алтын белгіге" үміткерлер "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады. Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектебінде өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, шалғай елдімекендердің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында емтихан тапсыру үшін көлікпен жеткізіледі.

Ал жолда оларды жауапты қызметкерлер алып жүреді.

Осы орайда БҒМ былтыр мұғалімдердің тамыз кеңесінде "Алтын белгі" үміткерлеріне қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен күшейту туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Оған сәйкес, егер түлек немесе оның ата-анасы бір пәнді Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырғысы келмесе, онда "Алтын белгіден" бас тартуға мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ата-анасы өтініш жазып, оқушы 5 емтиханды да өз мектебінде тапсырады, егер барлық емтиханды 5-ке тапсырса, үздік аттестатқа ие болады.

Сондай-ақ министрлік "Алтын белгінің" болуы жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім грантын алуға құқық бермейтінін де айта кетті. Айрықша белгі иегерлері конкурсқа барлық үміткермен жалпы шарттар бойынша қатысады.

Биыл мектеп түлектері "Алтын белгіні" қалай қорғайды: Министрлік жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.