Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының әкімі: Бүкіл табысымды жолдасыма тапсырып қоямын

Опубликовано:

Оңдасын Оразалин
Оңдасын Оразалин. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отбасының азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын білмейтінін жеткізді. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айта кетейік, күні кеше азық-түлік құнының күннен күнге қымбаттап жатқанын айтқан аналар Ақтөбе облысы әкімдігінің алдында жиналып, өңір басшысымен кездеспек болды.

Алайда Оңдасын Оразалин аналармен кездеспеді. Десе де журналистердің өзінің отбасы азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды деген сұрағына жауап берді.

Айтуынша, жанұясы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын білмейді. Себебі, үйдегі мұндай мәселелермен жары айналысады.

"Мен бүкіл өзімнің табысымды, бәрінде жолдасыма тапсырып қоямын. Карточканы пайдаланатын да сол кісі", - дейді Оңдасын Оразалин.

Әйтесе де өңір басшысы қазіргі кезде азық-түліктің қымбаттап жатқанын мойындады.

"Картоп бізде Түркістаннан сатып әкелініп жатыр. Айналысып жатқан сауда орындары бар. Қант ол Ресейден келуіне байланысты жоқ емес бар. Бірақ сол сырттан бізге жіберіп жатқан мекемелердің өзінде қымбаттауына байланысты баға қазіргі таңда өсіп тұр", - дейді Ақтөбе облысының әкімі.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966986-aqtobe-oblysynyn-akimi-men-bukil-tabysymdy-zaryma-tapsyryp-qoyamyn/

pixel