Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйдағы студенттердің жаппай улануы: Асхана қызметкерлерінен стафилококк табылды

Опубликовано:

Түскі ас
Көрнекі фото: pixabay.com

Рудныйдағы студенттердің жаппай улануы фактісі тіркелген колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай облысында сәуірдің 20-21-де Рудный тау-кен технологиялық колледжі студенттерінің тамақтан жаппай улану фактісі тіркелді.

Медициналық көмекке 35 студент жүгінген. Оның 14-і "Жіті гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Бұл жайттан кейін қылмыстық іс қозғалып, жеке кәсіпкер жалға алып жұмыс істеп жатқан колледж асханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Зертханалық талдаудың нәтижесінде асхананың үш қызметкерінің патогенді стафилококктың тасымалдаушысы екені анықталған.

"Дайын өнімнің барлық үлгілері микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеген. Ауруханада жатқан студенттердің талдауынан патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияның таралу көзі асхана қызметкерлері болуы мүмкін", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.

Одан бөлек ведомство тамақтану орнын тексеру кезінде санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталғанын атап өтті.

Олар: тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіз екенін растайтын құжаттарсыз пайдалану, сақтау шарттары мен пісіру технологиясын бұзу.

Қазіргі таңда ауру анықталған жерде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілген.

Сондай-ақ барлық студент жазылып ауруханадан шыққан. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Әзірге дәрігердің бақылауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966997-rudnyida-studentterdin-zappai-ulanu-faktisi-asxana-qyzmetkerlerinen-stafilokokk-tabyldy/

pixel