Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз тұрғыны өз қайын енесінің үйін тонады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: Polisia.kz

Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз полициясына 66 жастағы әйел хабарласып, тонау дерегі бойынша шағымданған. Шамамен сағат 00.20-да белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолданамын деп қорқытып, 2 450 АҚШ долларын, 100 мың теңге, сондай-ақ екі алтын сақина мен телефонын ашық түрде алып кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол қажылық жасау үшін ақша жинаған.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Олар Тараздың 47 және 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі жәбірленушінің күйеу баласы екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967070-taraz-turgyny-oz-qaiyn-enesinin-uiin-tonady-degen-kudikke-ilindi/

pixel