Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті

Опубликовано:

Қой
Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, оқиға аудан орталығы Жымпиты ауылында болды.

Оның сөзіне қарағанда, кеше түнде бұралқы иттер ауыл тұрғыны Батырбек Жұбанғалиевтің қорасына кіріп, 25 қойы мен 23 қозысын өлтірген.

Оған қоса, бүгін түнде иттердің тағы 10 бас қойды қырып кеткені анықталды.

"Бүгін қойға шапқан екі қаңғыбас иттің көзі жойылды. Сонымен қатар тұрғынға қораны ит кірмейтіндей етіп бекіту қажеттігі айтылды. Иттен өлген малға өтемақы қаралмаған.

Аталған тұрғынға басқалай көмек көрсету жағы қарастырылуда. Жалпы, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп, малға шауып жатқаны рас. Оларды залалсыздандыру бағытында тиісті шаралар жасалады",- деді Төреғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967106-bqo-da-buralqy-itter-bir-auladan-60-qoidy-qyryp-ketti/

pixel