Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әртістер қылмыстық жауапқа тыртылуы мүмкін. Парламент депутаттары тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаржы пирамидаларының берген уәдесіне адамдар сеніп, соңғы ақшасын апарып береді. Сөйтіп аяғында қиын жағдайларға ұшырап жатады. Өткенде үлкен қиын жағдай болды. Бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне куә болдық.

Сондықтан біз, парламент депутаттары, заң жобасын жасап шықтық. Таяу уақытта бұл заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, заң қабылданса, қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Қоғамға белгілі адамдар, әртістер, вайнерлер, әсіресе алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасаса, көмектессе, олар қылмыстық жауапқа тартылады", - деп нақтылады мәжіліс спикері.

Қошанов аталған заң биыл қабылданып қалуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967108-qarzy-piramidasyn-zarnamalagan-artister-men-vainerler-qylmystyq-zauapqa-tartyluy-mumkin/

pixel