Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазанда мұғалімдер ақылы қосымша сабақ алуға оқушыларды мәжбүрледі деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

Жезқазған қаласындағы мектептің бірінде мұғалімдер балалардың бағасын төмендету арқылы ақылы білім алуға итермелеген деген күдікке ілінді. Қазір бұған қатысты тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Ата-ана мұғалім баланың бағасын төмендету арқылы ақылы қосымша сабақтарға баруға мәжбүрлемек болды деп шағымданып отыр. Яғни репетитор алуға итермелеу арқылы осындай жолмен ата-анаға қосымша шығын келтіреді. Бұған жол берілмейді. Сондықтан құзыретті орындар тексеріп жатыр", - деді Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы Бауыржан Құсайынов.

Сонымен қатар ведомство өңірде кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікпен 14 мектеп пен колледж басшыларын анықтаған.

Бұдан бөлек 6 мұғалімнің ұлттық біліктілік тестілеу қортындысы бойынша алған сертификаты жалған болып шыққан.

Жалпы өңірде "ақша жинады" деген күдікке ілінген мұғалімдер аз емес. Соңғы екі аптада бұған ұқсас 9 дерек тіркелген.

"Жөндеу жұмыстарына, мерекелерге, бітіру кештеріне, сыйлыққа деп жиналуға ата-аналар комитеттерінің өзі түрткі болады", - дейді құқық қорғаушылар.

Автор: А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967130-zezqazganda-mugalim-ozinin-aqyly-qosymsasyna-qatystyru-usin-oqusylarga-tomen-baga-qoigan/

pixel