Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 28 сәуірде Қазақстанның үш мегаполисінде – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ. Ал еліміздің жеті өңірінде дауылдық ескерту жарияланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Алматы қаласында күн бұлтты болып, термометр бағанасы 20-22 градусты көрсетеді. 8-13 м/с жылдымдықпен жел соғуы да мүмкін.

Нұр-Сұлтанда да бүгін күн бұлтты. Алайда ауа температурасы 23-25 ​​градус болады. юұдан бөлек, мамандар елорда да бүгін жел соғатынын, оның жылдамдығы екундына 3 метрден 8 метрге дейін жететінін хабарлады.

Еліміздің үшінші мегаполисінде күн қатты исиды деп күтіліп отыр. Қалада термометр бағанасы 29 градусқа дейін барады.

Дауылдық ескерту жарияланған өңірлер:

  • Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 25-28 м/с жететін жел күтіледі;
  • Қызылорда, Түркістан облыстарында шаңды дауыл болуы ықтимал.
  • Батыс Қазақстан облысының аумағында найзағай жарқылдап, жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967133-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel