Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 млн теңге төледі

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 млн теңге төледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаңтар айында зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығын өтеледі ⠀ Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі. ⠀ Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар. ⠀ Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967173-almaty-akimdigi-qantar-oqigalary-kezinde-bulingen-kolik-ielerine-258-mln-tenge-toledi/

pixel