jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Antares Limited қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Абдилов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарды алдап, басқа салымшыларды тарту шартымен 100 АҚШ долларынан бастап әр түрлі сомадағы жарна жасап, инвестициялардың 0,5-2% мөлшерінде күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы ақпарат таратқан.

Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Сот шешімімен күдіктілерге "үйқамаққа алу" бұлтартпау шарасы қолданылғаны белгілі болды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге тағы да шақырады.

"Қаржы пирамидаларының басты мақсаты тәуекелсіз және күш-жігерсіз өз капиталын тез ұлғайтуды ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды", - деді Әлібек Абдилов. 

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.