Талдықорғандағы арнайы операция: Есірткінің ірі мөлшері, қару-жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленді (видео)

Опубликовано:

Талдықорған
Видеодан кадр: pixabay.com

Талдықорғанда арнайы операция кезінде 31 жастағы ер адам ұсталып, одан 8 мың доза "синтетика", сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер есірткі саудасымен айналысатын азаматты Шығыс шағын ауданында мефедронның бірнеше дозасын сату кезінде ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 80 граммға жуық есірткі заты тәркіленген. Бұл - "синтетиканың" шамамен 8 мың дозасы.

Сондай-ақ қолға түскен азаматтың үйінен 5,6 мм ТОЗ-8 винтовкалы бір ұңғылы шолақ мылтық, 16 калибрлі ИЖ-К бір ұңғылы шолақ мылтық және 20-дан астам патрондар табылды.

Қарулардың тіркелмегені белгілі болды.

Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Қазыбек Мұхамедовтың айтуынша, тәртіп сақшылары күдіктінің есірткіні интернет арқылы да сатқанын анықтаған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Есірткі заттарды өткізу және сақтау, сонымен қатар атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз ұстау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967209-taldyqorgandagy-arnaiy-operaciya-esirtkinin-iri-molseri-qaru-zaraqtar-men-oq-dari-tarkilendi-video/