Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Періштесі қаққан": Алматыда сегізінші қабаттан құлап кеткен 4 жасар қыз бала аман қалды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық дәрігерлер тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен 4 жасар қыз баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға 7 сәуір күні болған.

4 жасар қыз бала Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатынан құлап кеткен. Ол ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер тексеріп оған қосарланған жарақат деген диагноз қойған.

"Бас-миы соғылып, екі өкпесі жыртылып кеткен. Әсіресе, сол жақ өкпесі қатты зақымданған. Сонымен қатар өкпе қуысында қан, ауа жиналып қалғаны анықталды. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Операция кезінде біз сол жақ өкпесін тіктік.

Кішкентай науқас бес күн жансақтау бөлімінде жатты. Кейін жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырдық. 25 сәуір күні ауруханадан үйіне шықты", - дейді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.

Оның айтуынша, мамандар қыз баланың жағдайын күн сайын бақылап отыр.

"Періштесі қаққан қыз баланы ата-анасы алдағы уақытта міндетті түрде оңалтудан өткізуі керек", - деп қосты Дінмұхамед Рузуддинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967277-peristesi-qaqqan-almatyda-segizinsi-qabattan-qulap-ketken-4-zasar-qyz-aman-qaldy/

pixel