Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау-Үргеніш арасында аптасына 3 рет ұшақ қатынай бастады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Биыл алғаш рет Ақтау мен Өзбекстанның Үргеніш қалалары арасында аптасына 3 рет жиілікпен қатынайтын тұрақты рейс іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Атабек Тұрсынбековті қабылдау кезінде айтты.

"Өзбекстан Республикасы мен Маңғыстау облысы арасындағы сыртқы сауда айналымы былтыр 7,9 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 672,6 мың доллар болса, импорт – 7,3 млн доллар. Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында өзбек капиталының қатысуымен 84 кәсіпорын тіркелген.

Әуе қатынастарын дамыту мақсатында осы жылы алғашқы рет Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 3 рет жиілікпен қатынайтын тұрақты рейс іске қосылды. Сонымен бірге, аптасына 3 рет Ақтау-Нөкіс қалалары арасында тұрақты рейс бар", - деді Нұрлан Ноғаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967310-aqtau-urgenis-arasynda-aptasyna-3-ret-usaq-qatynai-bastady/

pixel