Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жел
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндізгі екпіні 25 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдап, күн күркіреуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарда шығыстан соққан жел екпіні 15-20, түнде 25 м/с құрайды. Түркістан облысында түнде және таңертең шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м /с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967313-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zariyalandy/