Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген павлодарлық азамат Германияда ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген Павлодар тұрғыны Германияда ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп Германияда Нюрнберг қаласында Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын анықтады. Жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұз қаласында тонау әрекетін жасап, өз әрекеттері үшін жауап бергісі келмей, Германияға кетіп қалған.

Одан бөлек, Павлодар қаласында Өзбекстанның Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген", - деді Павлодар облысы ПД ресми Instagram парақшасында.

Айта кету керек, қылмыскерлерді іздеу — криминалдық полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бағыты. Осы жылдың өткен кезеңінде Павлодарлық жедел уәкілдер 25 қылмыскерді іздестірген.

Тәртіп сақшылары заңды бұзған адамдар жазадан қашпақ болған. Бірақ, қылмыскер іздеу жарияланған кезде, бағдарлар барлық аумақтық бөлімшеге және жақын орналасқан аймақтарға жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967449-tonauga-qatysy-bar-degen-kudikke-ilingen-pavlodarlyq-azamat-germaniyada-ustaldy/

pixel