Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да шенді мемлекет қаржысынан жарты миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталды

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

"Аграрлық несиелік корпорацияның" Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек мемлекеттік бюджеттен 626 миллион теңге жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Сот материалдары бойынша, ол өз сыбайластарымен бірге бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын қалтаға басыпты. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.

Сот залында оқылған деректерге сүйенсек, Ерболат Оңғарбек шаруаларға берілетін арзан несиенің бір бөлігін өзі иемденіп келген. Кейін несиені өз атына рәсімдеудің амалын тауыпты.

Осылайша өз серіктестерімен бірге ол Орал қаласымен ғана шектеліп қалмай, Атырау мен Маңғыстау облыстарында да жымысқы әрекетке барған.

Олар шаруаларға көмек ретінде ашылған бірнеше мемлекеттік бағдарламаны өз пайдаларына жаратып, ақшаны талан-таражға салып келген.

"Оңғарбек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы өмір бойына шектеліп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967545-memleket-qarzysynan-zarty-milliard-tenge-zymqyrgan-sendi-sottaldy/

pixel