Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да пара алмақ болған полиция майоры 7,5 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстан облысында 27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры А. Әбілхайыров 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды", - делінген ресми хабарламада.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылған. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті әшкере болғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967552-bqo-da-para-almaq-bolgan-policiya-maiory-75-mln-tenge-aiyppul-arqalady/

pixel