Шымкенттегі прокуратура маңында көзге түскен су жаңа Land Cruiser 300 айыппұл тұрағына қойылды (фото)
Жарияланған күні:
Наурыз айынан бері Шымкенттегі прокуратура автотұрағына қойылған су жаңа Land Cruiser 300 суреті әлеуметтік желілерде тарады. Көліктің мемлекеттік нөмірі иесінің қадағалау органына қатысы бар екенін "айқындап" тұрғаны да айтылған болатын. Қалалық полиция департаменті жол талғамайтын көлік айыппұл тұрағына жіберілгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Telegram-арналардың бірінде жаңа Land Cruiser 300 құны 53 миллион теңге екені, ал оны прокуратура қызметкері айдап жүретіні көрсетілген.
"Иә, дәл осы көлікті тізгіндеп жүр, онда тұрған не бар? Қымбат көлік, бірақ оның ата-анасы дәулетті шығар мүмкін? Алайда мұның бәрі лирика. Біз ақпаратты тексере бастаған кезде осы нөмірдегі көліктің былтыр күзде есептен шығарылғаны анықталды. Демек, жүргізуші жалған нөмірмен жүр ме?", - делінген жазбада.
Шымкент қаласының полиция департаменті аталған көліктің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы4-бөлігі (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару) бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.
"Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері материалдарды Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді. Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 20 АЕК (60 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967557-symkenttegi-prokuratura-manynda-kozge-tusken-su-zana-land-cruiser-300-aiyppul-turagyna-qoiyldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.