Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 мың доллар: Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасағандарға үкім шықты

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда жалған ақша дайындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шығып, олар бес жылға шартты түрде сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Айыпталушылар жасанды долларды ақша айырбастау орындарында ауыстырып, шетелдік валютаны жеке тұлғаларға сатып келген.

Сондай-ақ букмекерлік кеңсе мен банктердегі есепшотты толтырып отырғаны белгілі болды.

Тінту барысында сотталған азаматтардан жақсы сапада дайындалған 55 мың жасанды АҚШ доллары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының 2 аудандық соты оларды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967562-55-myn-dollar-nur-sultanda-zalgan-aqsa-zasagandarga-ukim-syqty/

pixel