Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында суару каналына құлап кеткен екі жасар бала құтқарылды (видео)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында суару каналына құлап кеткен екі жасар бала құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, оқиға 30 сәуір күні орын алған. Сағат 19:47-де Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде 500 мм суару құбырына кәмелет жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды.

Құтқару операциясына Түркістан облысы ТЖД 3 құтқарушысы және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Құтқарушылар зардап шеккен баланы құбырдың ішінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында.

ТЖМ азаматтарға балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967590-turkistan-oblysynda-suaru-kanalyna-qulap-ketken-eki-zasar-bala-qutqaryldy-video/

pixel