Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысының Зеренді ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өртенген үйден 37 жастағы ер адаммның мәйіті табылды, деп хабарлайдытөтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдай сәуірдің 30-да болған. Алдын ала болжам бойынша ер адам иіс тиіп, көз жұмған.

"Сонымен қатар үйден денесін орташа күйік шалған 1961 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдай тұрақты деп бағалады", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 115 шаршы метрді құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967603-aqmola-oblysynda-ortengen-uiden-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/