Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінде жоғалған екі азаматты тікұшақпен іздеп жатыр (фото)

Опубликовано:

Іздестіру жұмыстары
Оқиға орнынан фото: instagram.com/mangystau_tjd

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне балық аулауға шығып, із-түзсіз кеткен екі азамат іздестірілуде, деп хабарлайды өңірлік ТДЖ Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы 30 сәуір күні түнде темір қайықпен теңізге балық аулауға шығып, содан қайта оралмаған.

Оларды іздестіру жұмыстары 1 мамыр күні таңда Ақшүкір ауылының маңында басталған.

Іздестіру жұмыстарына еліміздің Теңіз әскери күштерінің 29011 бөлімінің "Орал" шағын қарауыл кемесі мен әскери қызметкерлері жұмылдырылған.

Сондай-ақ жоғалғандарды іздеу жұмыстары Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Казавиаспас" АҚ-ның Ми-870 тікұшағымен де жүзеге асырылуда.

Жалпы іздестіру жұмыстарына 62 адам тартылған. Олардың арасында құтқарушылар, әскери еріктілер және жоғалғандардың туыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967650-kaspii-tenizinde-zogalgan-eki-balyqsyny-tikusaqpen-izdep-zatyr-foto/

pixel