Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде 7 сынып оқушысы сыныптасын ажалдан арашалап қалды

Опубликовано:

Сыныптасын құтқарып қалған бала полицейлермен
Руслан Омаров полицейлермен. Фото: Семей қалалық полиция басқармасы

Семейде 7 сынып оқушысы суға батып бара жатқан сыныптасын құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Arnapress.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 1 мамыр күні Семей қаласының Әуезов аудандық полиция бөліміне куәгерден хабарлама келіп түскен.

Хабарламада "Чайка" ауданында кәмелет жасына толмаған баланың Ертіс өзеніне батып кеткені жайлы айтылған.

Алайда оқиға орнына келген полиция батальоны жасөспірімнің тірі екенін анықтаған. Белгілі болғандай, жеткіншекті өзінің сыныптасы құтқарып қалған.

"11 жастағы жасөспірім дер кезінде әрекет еткен өзінің сыныптасы Руслан Нұрғалиұлы Омаровтың арқасында аман қалды. Ол сыныптасына алғашқы медициналық көмек көрсеткен", - дейді Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Құтқарылған жасөспірім кейін медеицина қызметкерлеріне тапсырылған.

Осы орайда полиция қызметкерлері егер жүзе алмасыңыз және негізгі қауіпсіздік ережелерін білмесеңіз, суға түспеген абзал екенін айтады. Себебі, мұның арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін.

"Ата-аналар кәмелет жасына толмаған балаларын көзден таса қылмағаны дұрыс және әр қадамың бақылап отыруы маңызды", - деп ескертті құзырлы орган.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967657-semeide-7-synyp-oqusysy-synyptasyn-azaldan-arasalap-qaldy/

pixel