Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костюмдері қағаз, пластик және қалдықтан: Алматыда ерекше "сән көрсетілімі" өтті

Опубликовано:

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Алматыдағы Панфилов көшесінде ерекше "сән көрсетілімі" өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2 мамыр күні кешке Панфилов көшесінде серуендеп жүрген алматылықтар мен қала қонақтары ерекше "сән көрсетілімінің" куәсі болды. Бірнеше жас қыз-жігіт Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін өзгеше костюмдермен жүріп өткен.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

"Сән көрсетілімінің" ерекшелігі сол - киімнің бірқатары ескі қағаздар мен полиэтилен пакеттерден жасалған.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Ал костюмдердің дизайны әр түрлі. Мысалы модельдердің бірі Көк-Төбе мұнарасы бейнеленген костюм киіп, ал мойнына респиратор тағып алған.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Қызғылт түсті қауырсыннан тігілген киім киген тағы бір бойжеткен фламингоны еске түсіреді.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Ал басқа костюмдерде қажетсіз заттар, бөтелкелердің қақпағы, ескі оттықтар мен өзге де қалдықтардың қолданылғанын байқауға болады.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Бұл "сән көрсетілімінің" ұйымдастырушысы әрі идея авторы кім екені белгісіз. Мұндай ерекше "сән көрсетілімі" қалада алғаш рет болып отыр және дизнайнер осы туындысы арқылы қоршаған ортаның қалай ластанып жатқанын көрсеткісі келгендей.

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Ерекше костюмдер
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967746-kostyumderi-qagaz-plastik-zane-qaldyqtan-almatyda-erekse-san-korsetilimi-otti-foto/

pixel