Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әжейді соққының астына алған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Зейнеткер соққының астында қалды
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/abdrakhmanovlive

Әлеуметтік желіде ер адамның зейнеткерді соққының астына алған сәтінің видеосы тарады. Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram-каналында түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға ғимараттардың бірінде орналасқан бақылау камеларына түсіп қалған.

Кадрдан таяқ ұстаған әжейдің жас қызбен сөзге келіп қалғаны көрінеді. Бір уақытта қыз қолындағы затты егде жастағы әйелге лақтырып жібереді.

Бірнеше секундтан соң белгісіз ер адам зейнеткердің арт жағынан келіп, мойнынан қылқындырып, жерге құлатады. Осыдан кейін ол жәбірленушінің қолындағы таяғын тартып алып, ұруға әрекеттенген.

Видеоның ұзақтығы 11 минутты құрайды. Осы уақыт аралығында ер адамның зейнеткерді бірнеше рет ұрғанын байқауға болады.

Видеоның дыбысы жоқ, сондықтан оқиғаға қатысушылардың не туралы жанжалдасып жатқанын анықтау мүмкін емес.

Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов түсініктеме берді.

"2022 жылдың 1 мамырында тексеру басталғанын хабарлаймын. Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды. Тексерудің барысы мен нәтижелері Алматы қалалық полиция департаментінде бақылауға алынды", - деді Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967770-almatyda-azeidi-soqqynyn-astyna-algan-er-adamnyn-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel