Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Донбасқа қазақстандық бітімгерлер жіберіле ме: қорғаныс министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Бітімгерлер
Фото: РИА Новости/ РФ қорғаныс министрлігі

Украинаға бітімгерлерді жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ па? Егер осы ұйым бітімгерлер қажет деп шешсе, оған қазақстандықтар қатыса ма?", - деп сұрады журналистер.

Министрдің орынбасары әскери күшті бітімгерлік мақсатта пайдаланудың өзіндік тәртібі бар екенін жеткізді.

"Шынымен де, қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселе қоғамды қатты мазалап жатыр. Алайда әскери күшті басқа жерде қолдану шаралары нормативтік актілермен бекітілген. Ал әскерилерді бітімгерлік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы негізінде ғана жүргізіледі. Одан кейін мемлекет басшысы парламентке ұсыныс жасайды.Парламент мақұлдаған жағдайда ғана әскерилерді бітімгерлік миссияларға жібереді. Бірақ дәл қазір ондай мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді Қамалетдинов.

Министр орынбасарының айтуынша, бүгінде бітімгерлік күштер туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967779-donbasqa-qazaqstandyq-bitimgerler-ziberile-me-qorganys-ministrligi-zauap-berdi/

pixel