jitsu gif
Саясат

    Тоқаев 9 мамырда "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қояды

    Тоқаев1
    Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "6 мамырда елордадағы "Қазақстан" концерт залында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Онда президент ардагер әскери қызметшілерді, қатардағы әскери қызметкерлерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Жеңіс күніне орай "Құрмет" мемориалды монумент алдына гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсету жоспарлануда", - деді Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев.

    Оның айтуынша, 7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және Отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.

    "Сондай-ақ, мемлекет басшысның қатысуымен 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Аталған дәстүр еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.