Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңқаларлық нәрсе": Әйгілі Жан-Клод Ван Дамм екі қолы жоқ қазақ суретшісінің картинасын сыйға алды (видео)

Опубликовано:

Жан-Клод Ван Дамм
Видеодан кадр: Facebook/Karipbek Kuyukov

Атақты актер Жан Клод Ван Дамм қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің картинасына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ван Дамм картинаны қазақстандық актер Дәуіт Шайхисламовтың қолынан алған.

"Достар, өмірімде кеудемді мақтаныш сезімі кернейтін сәт орын алды, оған Дәуіт Шайхисламов, Әлихан Жарылғапов және Ермекжан Өсіпбеков себепші болып отыр. Осы адамдардың күш-жігерінің арқасында әйгілі Жан-Клод Ван Дамммен танысу құрметіне ие болдым. Менің бір туындым бірнеше ұрпақ өнерін тамашалап өскен актердың жеке жинағына енгенін мақтанышпен айта аламын", - деп жазды суретші Кәріпбек Күйіков желідегі парақшасында.

Америкалық актерге берілген картинада сұңқар бейнеленген.

Картинаны сыйға алған Жан Клод Ван Дамм бейнеүндеу арқылы Қазақстан халқына сәлем жолдап, туынды авторы Күйіковке алғысын білдірді. Актер өзінің таңданысын жасырмады.

"Мына суреттің авторы қазақстандық Кәріпбек. Бұл - сұңқар. Туындыны ол аузымен салыпты. Бұл- таңқаларлық нәрсе", - дейді актер видеода.

Айта кетейік, Кәріпбек Күйіков – аузымен және аяғының бақайларымен сурет салатын қылқалам шебері. Ол Семей ядролық полигоны орналасқан жерден 100 шақырымдай жердегі Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы туған. Ол полигонның ащы зардабын көрген жандардың бірі. Туғанынан қолы жоқ болса да, ол еш мойымай, Семей полигонының жабылуына атсалысқан. Оның туындылары Түркияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне қойылды. Ал суретшінің  "Жарылыс" атты туындысын Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға табыстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967804-tanqalarlyq-narse-aigili-zan-klod-van-damm-eki-qoly-zoq-qazaq-suretsisinin-kartinasyn-syiga-aldy-video/

pixel