Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сотталған ер адам науқас анасына бару үшін колониядан қашып кетті

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбеде қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген 36 жастағы ер адам науқас анасына қашып кеткен деп жазады Sputnik Қазақстан.

36 жастағы ақтөбелік азамат ауыр қылмысы үшін 8 жылға сотталған.

Жазаның қалған мерзімін қоныс колониясында өтеп жүрген ол күндіз жұмысқа барып, кешке колонияға қайтады екен. Бірақ бір күні ер адам колониядан қашып кеткен.

"Сотта ол анасы қатты ауырып қалғанын білгенін айтты. Анасы Шұбарқұдық ауылында тұрады екен, сотталушы түрме басшылығынан оған барып келуге рұқсат сұраған, бірақ оны жібермеген. Ақыры ол қашып кетуге бел буған", - деп жазады "Диапазон" басылымы.

Сотталушы Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдаған. Кейін анасының ауылына жетіп, содан соң апасының үйіне барған. Құқық қорғау органдары оны ұстап, қылмыстық іс қозғады.

Ер адам 4 айдан кейін бостандыққа шығуға тиіс еді, бірақ сот қашқаны үшін оны 1 жылға бас бостандығынан айырды.

Енді ол жазасын колонияда емес, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967813-aqtobede-sottalgan-er-adam-nauqas-anasyna-baru-usin-koloniyadan-qasyp-ketti/

pixel