Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: "Көктөбені" басып алмақ болған және Lexus-пен қару таратқан күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында Lexus көлігімен қару таратқан 3 күдікті туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қаласында 6 қаңтарда "Көктөбе" телемұнарасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды. Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты - жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған.

Құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді. Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол Алматыдағы "Анна" қару-жарақ дүкенін тонады деп күдікке ілнген 3 азамат туралы мәлімет берді.

"Олар 5 қаңтарда Lexus маркалы автокөлікпен Алматы қаласы "Республика" алаңының алдына ұрланған қаруларды таратқан. Бас прокуратура фейк ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті. Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау туралы үкім шығарылды", - деді Елдос Қилымжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967818-qantar-oqigasy-koktobeni-basyp-almaq-bolgan-zane-lexus-pen-qaru-taratqan-kudiktiler-ustaldy/

pixel