Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелеком" қызметі қымбаттай ма

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компания қызметтерінің бағасы және өндірістік қызметкерлердің кірісін арттыру жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Есекеевтің сөзінше, "Қазақтелеком" өз қызметкерлерінің тиімділігін арттыру арқылы олардың кірісін ұлғайтуды және көрсетілетін қызметтердің санын көбейтуді жоспарлап отыр.

"Бізде қызмет көрсету құны қазірдің өзінде әлемде ең төменгі бағаның бірі болып отыр. Нарық бәсекеге қабілетті, сондықтан бағаның күрт өсуі болмайды деп ойлаймын. Қызметкерлердің табысы олардың тиімділігін арттыру арқылы ұлғаяды. Яғни, баға емес, қызмет саны артады", - деді Есекеев.

Ол "Қазақтелеком" бірнеше қызмет түрін көрсететіндіктен, олардың санын көбейтуге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Компания осылайша кірісін арттыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" компания қызметкерлерінің табысын арттыру үшін Қазақстандағы жолаушылар тасымалының құны өсу ықтималдылығына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967825-qazaqtelekom-qyzmeti-qymbattai-ma/

pixel