jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте лауазымды полицей парамен ұсталды: Агенттік видео жария етті

    Кадр
    Видеодан кадр: Телеграмм/Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру фактісі тіркелген видеоны жариялады. Қарамағындағы қызметкерлерден пара алғаны үшін Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирі, майор Қайрат Әлімхановты ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің телеграмм арнасына сілтеме жасап.

    Агенттік 27 сәуір күні қарамағындағы қызметкерлерден 174 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирі, полиция майоры Қайрат Әлімхановтың ұсталғанын еске салды.

    "Әлімхановқа қатысты өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алудың қосымша фактілері анықталды. Әлімхановтың автокөлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, рота инспекторларымен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобынан 130 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

    Сондай-ақ Әлімхановтың заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алғаны әшкере болды", - делінген хабарламада.

    Сот Әлімхановқа қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

    Өзге ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

    Шымкентте лауазымды полицей парамен ұсталды: Агенттік видео жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.