Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жоғалып кеткен бүлдіршін Шымкентке бара жатқан пойыздан табылды

Опубликовано:

жас бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда ойын баласы жоғалып кетті. Анасы тәртіп сақшыларына хабарласып, жағдайды баяндаған. Полиция қызметкерлері бүлдіршінді Шымкентке бағыт алған пойыздың ішінен тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін полицияның кезекші бөліміне сегіз жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Анасының айтуынша, баласы музыка мектебінің жанындағы ойын алаңында болған.

Бір сағаттан кейін ұлын тексеруге барғанда оның жоғалып кеткенін байқайды.

"Анасы Екібастұз қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалған. Жеке құрам, оның ішінде желілік полицейлер тез арада бағыт-бағдар берді. Кәмелетке толмаған бала Павлодар-Шымкент бағытындағы пойыздан - Шідерті бекеті маңында табылды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланың пойызға қалай мінгені белгісіз. Қазіргі уақытта ол Екібастұзға қайтып бара жатыр. Содан кейін ата-анасына қайтарылады, деді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967851-ekibastuzda-zogalyp-ketken-buldirsin-symkentke-bara-zatqan-poiyzdan-tabyldy/

pixel