Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, дауыл, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің дерегінше, таулы өңірлерге қатты жауын-шашын түсуіне байланысты 4-6 мамыр аралығында Алматы облысының және Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.

4 мамырда Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

4 мамырда Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады деп болжануда.

4 мамырда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 5 мамырда түнде тауда, күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Ал 4-6 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауыл, дауыл тұруы мүмкін. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967856-naizagai-dauyl-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel