Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аpple компаниясы қомақты сомада айыппұл төлеуі мүмкін

Опубликовано:

Apple компаниясы
Фото: VCG/VCG via Getty Images

Екі жыл бойы өткізген тергеуден кейін Еурокомиссия Apple компаниясы нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланды деген айып тақты. Ол бәсекелестеріне Apple Pay төлемдер жүйесіне кіруге шектеу салған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұл смартфондар арқылы төлем жүргізуге мүмкіндік беретін NFC технологиясына қатысты болып отыр. Осының салдарынан бәсекелестері қажетті құрал-жабдық пен бағдарламалық жасақтама ала алмай жүр.

Бұл іс Apple компаниясын қомақты сомада айыппұл төлеуге және өз төлем технологиясын ашуға мәжбүрлеуі мүмкін. Ал компания  өкілдерінің мәлімдеуінше, Apple Pay –  еуропалық тұтынушылар қолданатын көптеген төлем түрлерінің бірі.

"Өзгелерді ойыннан ығыстырып,  Apple өз Apple Pay әмияндарын бәсекеден қорғап алды. Бұл өзінің үстем жағдайын теріс пайдалануға тең, сондықтан бұл ережелерімізге сәйкес заңсыз әрекет", - деді Еурокомиссия вице-президенті Маргрете Вестагер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967886-apple-kompaniyasy-qomaqty-somada-aiyppul-toleui-mumkin/

pixel