Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менде не шаруаларың бар": Данияр Елеусінов әйелінің никаб кигенін сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Данияр Елеусіновтің әйелі никаб тақты
Данияр Елеусінов әйелімен. Скриншот: Instagram / yeleussinovdaniyar

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелімен түскен суреті көпшілік талқысына түсті. Суретте спортшының әйелі бет-аузын тұмшалап, никаб киіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанкүйерлерін айт мерекесімен құттықтаған Данияр Елеусіновтің жазбасы қызу талқыланып жатыр. Суретке пікір қалдырушылардың басым бөлігі келіншектің бет-аузын толық жауып алғанына наразылық танытқан.

"Жетпегені енді осы еді", "Неге қазақтың ұлттық киімін кимеске?", "Арабтарға қазақтың киімін берсе кие ме?", "Әйеліңізді басқа біреумен шатастырып алмаңыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Оқырмандар арасында Даниярды қолдаушылар да табылды.

"Данияр бауырым, әркімде де кемшілік бар. Бәріміз пендеміз, сондықтан Алланың разылығынан үміт етіп жүрген жандармыз. Жалаңаштан осы дұрыс па деп қалам", "Әйеліңіз әдемі киініпті", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Осы орайда, Данияр Елеусінов өзіне сын айтқан оқырмандарына жауап беріп, даулы суретке қатысты өз пікірін айтты.

"Ей, халайық, менде не шаруаларың бар? Өз өмірлерің керемет болса, мұнда жазбас едіңіздер. Бұл Саудида түскен сурет. Мұнда бұлай жүруге болады… Әйелім никаб тақпайды негізі. Бұл жерде масканың орнына таққан… Сәукеле, кимешек пен тақия кигендерге... Батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар… Бір рет арабтікін кигенде көріп қалады екенсіздер", - деп жазды Данияр.

Айта кетелік, Данияр Елеусінов бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және 2016 жылғы Олимпиада чемпионы.

Қазіргі таңда кәсіби бокста сынға түсіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967909-mende-ne-sarualaryn-bar-daniyar-eleusinov-aielinin-nikab-kigenin-sokkenderge-zauap-berdi/

pixel