Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында бала қайтыс болған картинг орталықтың әкімшілігі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Картинг орталықта 10 жасар бала көз жұмды
Оқиға орны. Фото: Алматы облысы ПД

"Sokol СТК" ЖШС әкімшілігі өз Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. Онда 2 мамыр күні картинг орталық аумағында қайғылы жағдай орын алып, бала қайтыс болғаны айтылады. Қазіргі уақытта автодром жабық.

"Бұл біз жұмыс істеген 9 жылдың ішіндегі алғашқы жағдай.

Қазіргі уақытта "Sokol СТК" басшылығы мен командасы ресми пікірлер мен мерзімінен бұрын тұжырым жасаудан бас тартады. Біз жергілікті органдар мен халықаралық кеңесшілердің қолдауымен бұл жағдайды түсіндіру үшін бар күшімізді саламыз", -деді орталықта.

Компания қайтыс болған баланың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы маңындағы картингте 10 жастағы бала көз жұмғанын хабарлаған едік. Карт басқарған жасөспірім қоршауды бұзып өтіп, "ГАЗ-53" көлігіне соғылған.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл істе қайғылы жайт орын алған орталықтың басшысы күдікті ретінде танылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967928-almaty-manynda-bala-qaitys-bolgan-karting-ortalyqtyn-akimsiligi-malimdeme-zariyalady/

pixel